Маңғыстауда тәрбиеші 1,5 жастағы баланың қолын шығарып жіберді
Маңғыстауда балабақша тәрбиешісі 1 жарым жастағы баланы жұлқып, қолын шығарып жіберді. Оқиға Мұнайлы ауданындағы жеке балабақшалардың бірінде болған. Бүлдіршіннің сол қолының шынтақ сүйегі тайып кеткен. Бірақ балабақша қызметкері оған назар аудармай, бала кешке дейін ауырсынып жүрген. Мұның бәрі бейнежазбаға жазылған. Одан бөлек тәрбиешілер балаларды күн ұзақ теледидардың алдында ұстап, бәріне ортақ бір қасықпен тамақ берген. Зардап шеккен бүлдіршіннің анасының шағымынан кейін жан-жақты тексеру басталды. Оқиғаны хабарламаған полиция қызметкеріне айыппұл салынды. Балабақша директоры қызметкерлерінің артық ыдыс жуғысы келмей, осындай қадамға барғанын мойындады.
Раушан Аяпбергенова, жекеменшік балабақшаның директоры:
Біздің балабақшамызда келеңсіз жағдай болды. Бұл оқиға бойынша тәрбиеші, тәрбиешінің көмекшісі екеуі де жұмыстан босатылды. Топ жабылды. Болған жағдайға байланысты қазір мемлекеттік органдардан тексеріп жүріп жатыр.
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
