Астанада білім саласындағы түйткілдер қозғалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада білім саласындағы түйткілдер қозғалды

Астанада білім саласындағы түйткілдер қозғалды

Қазақстан математика және жаратылыстану бағыттары бойынша үздік 50 елдің қатарында. Бірақ оқу сауаттылығы жағынан кенжелеп қалды, - деді Оқу-ағарту министрі кеңейтілген алқа отырысында.

Сондай-ақ педагогтердің біліктілігін арттыру мәселесін түбегейлі қайта қарауды тапсырды. Мамандарды аттестациядан өткізудің жаңа форматы «Ұстаз» платформасы арқылы жүзеге аспақ. Биыл 88 мыңнан астам мұғалімді аттестаттау көзделген. Ведомство басшысы көтерген тағы бір түйткіл – сапалы менеджмент. Елімізде мектеп директорларының 9%-да ғана лайықты квалификация бар. «Білім берудегі 1000 көшбасшы» жобасы іске асырылғанымен, мәселе шешілген жоқ.

Ғани Бейсембаев, Оқу-ағарту министрі:

Бүгінгі күні 583 кандидат Республикалық кадрлық резервке енгізілді. Жоба іске қосылғанына қарамастан, 740 мектепке директор жетіспейді, оның 81%-ы ауыл мектебіне тиесілі. Резервтегі кадрларды тағайындау Ақтөбе облысында қажетті деңгейде орындалмаған, яғни басшылық лауазымға 12 кадрдың 2-і, Шымкентте 23-тің 3-і ғана тағайындалған. Алматы қаласына тоқталсам, ревервте тұрған 30 маманның біреуі де тағайындалмаған. Кейбір басшылар өздерінің аймақтарындағы мектеп директорларының сапалы, замануи болуына мүдделі емес сияқты боп көрінеді. 

2027 жылға дейін еліміздегі барлық білім ордасы «Жайлы мектеп» стандарттарына сай болуы тиіс. Сондай-ақ мектептерді сапалы интернетпен, балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық көмекпен 100% қамту биылға жоспарланған.

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу