Қайтарылған заңсыз активтер есебінен мектеп салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қайтарылған заңсыз активтер есебінен мектеп салынады

Қайтарылған заңсыз активтер есебінен мектеп салынады

Қайтарылған заңсыз активтер есебінен Жетісу облысы, Көксай ауылында жаңа мектеп салынады. Үкімет нысан құрылысына 1,4 млрд теңге бөлді. Қазір ауылдағы жалғыз білім ордасында екі ауысыммен 53 бала оқиды. Оқу орнында спорт және акт залдары, тіпті асхана жоқ, пәндік кабинеттер жетіспейді дейді, - ауыл тұрғындары. Ал жаңа мектеп 60 орынға арналмақ. Ғимарат заманауи стандарттарға сай жабдықталады.

Бақыт Ешмұханбетқызы, ауыл тұрғыны:

Ауыл көркейіп жатыр. Жол салынды, газ құбырлары жүргізілді. Амбулатория салынды. Енді бізге жетіспей тұрғаны – сол бір жақсы, қазіргі заман талабына сай мектеп. Өте қуаныштымыз, көптен күткен біздің арманымыз деп айтсам да болады.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу