Павлодарда ҚХА-ның 30 жылдығына орай арнайы көрме ашылды
Нағымбек Нұрмұхаммедов атындағы Павлодар облыстық көркемсурет музейінде «Музейдегі еврей тарихы» атты көрме ашылды. Шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Қазір Ертіс-Баян өңірінде 800-ге тарта Еврей ұлтының өкілдері тұрады. Олар 18 ғасырдан бастап аймаққа келе бастаған. Негізінен тұз өндірумен айналысыпты. Одан кейін Сталиндік зұлмат кезінде жер аударылды. Соңғы рет тың игеруге 400-ден аса еврей ұлтының мамандары келіп, осы аймақта тұрақтап қалған. Көрмеге сол заманнан бері сақталған 60-тан аса туынды қойылды. Бір қызығы музей қорының 10 пайызы еврей суретшілеріне тиесілі. Яғни, аумалы-төкпелі замандағы ақ пен қараның, жақсы мен жаманның ара-жігін қылқалам ұшына сыйдыра білген.
Ирина Тверитнева, «Мерказ» этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары:
Мен осы Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған шараның еврей көрмесінен басталғанына өте қуаныштымын. Біз музеймен тығыз байланыста жұмыс істейміз. Бірақ дәл осы көрмеден тұтас бір ұлттың тағдырын көз алдыма елестетемін деп ойламап едім. Бұл шеберлік! Дәл осы картиналардың түпнұсқалары біздің музейімізде екені мен үшін күтпеген жаңалық болды.
Болат Аманбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
