Астанада инвесторлар кеңесі өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада инвесторлар кеңесі өтті

Астанада инвесторлар кеңесі өтті

Астанада Президент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің жалпы отырысы өтті. Ауқымды шараға Президент кеңесшісі Ерұлан Жамаубаев, Үкімет мүшелері мен шетелдің ірі компания өкілдері қатысты. Бас қосқандар өткенді екшеп, болашаққа бағдар жасады. Инвесторларға қарастырылған мүмкіндіктер туралы да айтылды. Кеңес қорытындысында 2025 жылға арналған жоспар бекітілді. Сондай-ақ денсаулық сақтау жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды. Мақсат, салаға инвесторларды көптеп тартып, ауқымды жобаларды жүзеге асырып, халыққа игілігін көрсету.

Самал Қабышева

Автор
Редакция
Бөлісу