Обырдың алдын алудың жалғыз жолы - ерте скринингтен өту
Елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық адамнан қатерлі ісік диагнозы анықталады. Жыл сайын осы дерттен 12 мыңнан аса азамат қайтыс болады.
Аты жаман аурудан айығудың жалғыз жолы - ерте бастан диагностикадан өту, дейді дәрігерлер. Кеселмен күресу мақсатында бүгін Алматыдағы қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында журналистерге арналған ашық есік күні өтті. Медиа саласындағы мамандар профилактикалық тексерістен өтіп, дәрігерлердің кеңесін тыңдады. Обыр ауруы қазір жас та, жыныс та талғамайды. Бүгінде бұл дертпен 230 мыңнан аса қазақстандық тіркелген. Күннен күнге жасарып келе жатқан аурудың ең жиі кездесетіні өкпе обыры, екінші орында асқазан ісігі, үшінші орында сүт безі обыры тұр.
Роман Нәлібаев, Қазақ онкологиялық және радиология ғылыми-зерттеу институты Клиникалық-диагностикалық бөлімшесінің басшысы:
Халыққа айтарым скринингтік тексерістерді жиі өту керек. Жергілікті жердегі емханалар шақырады. Оның бәрін өтіп бару керек. Осындай тексерістер арқылы ғана біз қатерлі ісіктің алдын ала аламыз.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
