Обырды анықтауда алғаш рет радиофармпрепарат қолданылды
Елімізде аталық безі обырын ерте кезде анықтайтын радиофармпрепараттар жасалып, қолданыла бастады. Алғаш сынақ Семейдегі Яролық медицина және онкология орталығында өтті. Дамыған елдер тәжірибесінде ондаған жылдардан бері бар тәсіл қатерлі ісікті дәл тауып, оның кезеңін білуге мүмкіндік береді. Сол арқылы жасалатын ем де нәтижелі болмақ.
Қазақстанда аталық безі обыры қатерлі ісік ауруларының ішінде 4-ші орында тұр. Семейлік дәрігерлерге шеберлік сабағын өткізіп, препаратты науқастарға қолдануды Ресей мен Беларусь ғалымдары келіп үйретіп жатыр. Алғашқы сынақтар нәтижелі өтті.
Отандық онкологтар еліміздің медицинасы үшін бұл үлкен жетістік, деп санайды. Енді алдағы уақытта радиофармпрепараттарды басқа да қатерлі ісік ауруларын анықтау мен емдеуге қолданбақ.
Игорь Знаменский, медицина ғылымдарының докторы:
Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығы әлемдік деңгейде. Заманауи құрал жабдықтардың бәрі бар. Мамандар да білікті. Сондықтан Мәскеуден арнайы келіп радиофрампрепараттарды жасау мен оны пайдалануда шеберлік сабағын өткізіп жатырмыз. Жұмыс өте нәтижелі.
Саят Таңатаров, Ядролық медицина және онкология орталығының директоры:
Бұл Қазақстанда үлкен жаңалық. Абай облысында, Семей қаласында бірінші рет шығарылған радиофармпрепарат. Бұл үлкен жетістік біздің елге. Әрі қарай жалғастырып, тағы жаңадан әдіс, жаңадан радиофармпрепараттарды енгіземіз деген жоспарымыз бар.
Ержан Жақып
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
