Елде такси бағасы арзандауы мүмкін
Көлік министрі М.Қарабаевтың есебінше, бензин қымбаттағанымен такси бағасы арзандауы мүмкін. Себебі көлікпен адам таситындардың өзін-өзі реттейтін ұйым құрылады, сол кезде бағаны нарық реттейді -мыс.
Әлгіндей ұйым құру туралы заң жобасы әзірленген. Дегенмен таксишілер бірауыздан қолдап отырған жоқ. Ал нарық қожайындары такси агрегаторлары болса, бағаны көтеріп бастаған. Осы агрегаторлар кімдер, өзі?
Бізде осы уақытқа дейін көрші мемлекеттерге қарағанда жанармай арзан болды, бірақ такси солардан арзан болды ма? Баға саясаты қарапайым логикаға сыймайды.
Кептеліс кезінде баға көтеріледі дейді. Кептеліс жоқ кезде бағаның төмендейтіні мүлдем байқалмайды. Таксишілердің құқығы да сақталып отыр дей алмаймыз. Иә дөрекі, ызақор, ұрысқақ таксишілер бар. Дегенмен олардың да агрегаторларға айтары аз емес. Нарықты бағамдап қарасақ, ірі ойыншылардың өз ойын ережесі бар сияқты.
Сонда мемлекеттік органдардың оларға «тісі батпай» ма? Данияр Қайыртай сараптайды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
