Reuters: Ақтауда құлаған ұшақта «Панцирь-С» зымыранының бөлшегі бар
Осы аптада еліміздің көлік министрлігі Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының жолаушы ұшағы апатына байланысты алдын ала қорытындысын жариялады. Желтоқсанның 25-де Ақтау маңында құлаған ұшақтың.
53 беттен тұратын есепте ұшақ қаптамасындағы тесіктер әуе кемесіне «сырттан бөгде заттар тигенін көрсетеді» деп жазылған.
Ал Reuters агенттігі «Әзербайжанда ұшақтан алынған және халықаралық сараптама барысында анықталған ресейлік «Панцирь-С» зымыранының бөлшегі бар» деген Әзербайжан билігіндегі жоғары лауазым иеленетін шенеунікке сүйенген ақпарат таратты.
Рас, алдын-ала есепте фюзеляжға қадалған бөгде заттардың фотосы көрсетілді.
Сонымен 05.13-те «қара жәшіктерде» «дыбыстық соққы» тіркелген. Автопилот, басқа да жүйелер өшіп қалады, қысым төмендейді, кабинаның герметикасы бүлінеді. Ұшқыштар құстармен соқтығыстық немесе салонда қандай да бір баллон жарылды деп ойлайды.
Оларды ресейлік диспетчерлер Грозный әуе кеңістігінде «Ковер/кілем» жоспары іске қосылғаны туралы ескертті деген ақпарат өтірік. Мұндай хабарлама әзербайжандық ұшақ Грозный әуе кеңістігінен кеткесін барып тараған.
Ресми Бакудің ұстанымын айттық, ұшақты Ресейдің әуе шабуылына қарсы күштері атқылаған. Апатта 38 адам опат болды. Қаза тапқандардың алтауы – Қазақстанның азаматы. 29 адам зардап шекті.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
