Жамбыл облысында қылмысты жасырған полиция басшысының орынбасары ұсталды
Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары қамауға алынды. Ол өзіне бағынышты тағы 3 қызметкерімен бірге ірі қылмысты жасырмақ болған. Жоғары шенді полицей Құмжота ауылы тұрғынының арызы бойынша тұтқындалды.
Ауыл азаматы былтыр сәуірде үйдегі сейфінен 11 млн теңгеге жуық ақша ұрланды деп, 102-ге қоңырау шалған. Оқиға орнына бөлім басшысының орынбасары да барады. Сөйтіп «істі қараймыз, ұрыны ұстаймыз», деп кеткен полицейлерден бір ай бойы хабар болмайды. Артынша ауыл тұрғыны аудандық полиция бөліміне барып, істің тіркелмегеніне көз жеткізеді. Жәбірленуші бірден прокуратураға арызданған. Тергеу барысында басшы орынбасары қол астындағы қызметкерлеріне есепке алмауды бұйырғаны белгілі болды.
Жалғас Көшербаев, Жамбыл облысы прокурорының көмекшісі:
Ол жерде полиция қызметкерлері қорқыту, басқа да құқыққа сыйымсыз іс-әрекеттер жасап, арызданушыны арыз жазуға бас тартуға мәжбүрлеген. Ашылмаған қылмыстың статистикасы көтеріліп кетпеуін, соның мүдесінде жасалып отыр, дейді прокуратура. Бұл жерде 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
