Астанада құны 1,8 млрд теңге болатын зәулім үй сатылымға шығарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада құны 1,8 млрд теңге болатын зәулім үй сатылымға шығарылды

Астанада құны 1,8 млрд теңге болатын зәулім үй сатылымға шығарылды

Астанада құны 1,8 млрд теңге болатын зәулім үй сатылымға шығарылды. Мүлік Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовке тиесілі болуы мүмкін. Себебі аукционға шығарылған фотосуреттер 2022 жылы Кәрім Мәсімов ұсталғаннан кейін жарияланған кадрлармен сәйкес келеді. «Қайтарылған активтерді басқару» компаниясының дерегінше, 25 ақпанда E-Qazyna веб-платформасында электрондық сауда өткізіледі. Зәулім үй - Нұра ауданының Ерейментау-1 мекенжайында орналасқан. Кепілдік жарнасы - 117,9 млн теңге. Нысанның жалпы ауданы 3 мың шаршы метрге жуықтайды. 

Динара Жарқынбек


Автор
Редакция
Бөлісу