2024 жылы рекордтық көлемде астық жиналды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар 2024 жылы рекордтық көлемде астық жиналды

2024 жылы рекордтық көлемде астық жиналды

Былтыр елімізде рекордтық көлемде астық жиналды. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 60 пайызға артық. Көлемі 27 миллион тоннаға жуықтады. Сондай-ақ 6 миллионнан аса майлы дақылдар мен картоп жиналды. Ал көкөністің көлемі, шамамен, 4 миллион тоннаға жуықтаған. Жалпы, Қазақстан жыл сайын 8-9 миллион тонна астық экспорттайды. Оның жартысынан көбі – бидай. Еліміз өнімді 40-тан астам елге экспорттайды. Олардың қатарында Ауғанстан, Қытай, Түркия, Иран, Тунис, Италия бар. Жалпы, жөнелтілетін өнімнің басым бөлігі Орталық Азия елдеріне жіберіледі. Былтыр қараша айында 6 миллион тоннадан астам астық экспортталды.

Самал Қабышева

Автор
Редакция
Бөлісу