«Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы жалғасып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы жалғасып жатыр

«Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы жалғасып жатыр

Жеңіс күні - бір күн ғана емес, жүз күн тойлануы керек. Осылай деген Ұлттық ұлан сарбаздары қаладағы ойын-сауық орталығының бірінде мерекелік флэш-моб ұйымдастырды. Жеңіске 80 жыл толуына орай, әскери оркестр тұрғындарға арнап патриоттық әндер шырқады, жауынгерлер парад-дефиле көрсетті. Мұндай шаралар «Жеңіске 100 күн қалғанда» республикалық акциясы аясында өткен айда басталды. Сарбаздар қоғамдық көлікте мерекелік әндер шырқап, жолаушылардың көңілін көтерді.

Бауыржан Алтынбеков, ҚР Ұлттық ұланының хор жетекшісі:

Тек қана 9 мамыр күні ғана атап өтпес үшін, оған дейін 3 ай бойы флэшмоб ұйымдастырып жатырмыз. Біздің басты мақсатымыз - тарихты ұмытпаса екен деген тілек.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу