«Ұлттық қор – балаларға»: 62 мың бала қаражатын шешіп алған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Ұлттық қор – балаларға»: 62 мың бала қаражатын шешіп алған

«Ұлттық қор – балаларға»: 62 мың бала қаражатын шешіп алған

18 жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы арқылы 6,3 млн доллар қаржыны пайдаланған.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәліметінше, былтыр 62 мыңнан астам өтінім түскен. Оның ішінде баспана жағдайын жақсартуға 3,63 млн доллар теңге бөлінді. Оны 36 мың жасөспірім пайдаланды. Дені ипотеканың бастапқы жарнасын төлесе, қалғаны қаржыны толық есеп айырысу үшін алған. 26 мың адам оқу ақысын төлеген. Қазақстандағы оқу орындарында білім алатындардан 22 мың өтініш түссе, қалғаны ұлттық қордағы жинағын шетелдегі оқу ақысын төлеуге жұмсаған.

Айя Мүтәлі

Автор
Редакция
Бөлісу