Талдықорғанда 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Талдықорғанда 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Талдықорғанда 8,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Талдықорғанда бос жұмыс орындарының алғашқы ауқымды жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Шараға 40-тан астам кәсіпорын мен мекеме өкілдері қатысып, өздеріне қажет мамандарды іздесе, оқу орындарының түлектері мен жұмыссыз жүргендер өз бақтарын сынап көрді. Өткен жылы облыс орталығында 8 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл бұл көрсеткішті 8500-ге жеткізу жоспарланған. Қалада өндіріс орындары кеңейіп, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр.

Ардақ Құдайбергенова, серіктестік өкілі:

Біз «Темірбетон» ЖШС ұжымынан қатысып отырмыз, жұмысшы жәрмеңкесіне. Бізге керек жұмысшылар: экологтар, конструкторлар, технологтар және де басқа электрогазосварщик, формовщиктар керек.

Ернат Бәзіл, Талдықорған қаласының әкімі:

Мысалы «Қайнар АКБ» үлкен аккумулятор шығаратын зауытымыз екінші үлкен зауыт қасына салайын деп жатыр. «Алмас керемикс», «АСМА индастрис» ашылды. «Газобетон» деген ашылды. «Мажико» деген мекемелер. Және индустриалды аймақта биыл тағы 2-3 кәсіпорын кішігірім ашылады деп жоспарлап отырмыз.

Қуаныш Қанатұлы

Автор
Редакция
Бөлісу