Жұмыс тобы Салық кодексі жобасын халыққа түсіндіруді бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жұмыс тобы Салық кодексі жобасын халыққа түсіндіруді бастады

Жұмыс тобы Салық кодексі жобасын халыққа түсіндіруді бастады

Үкімет қосылған құн салығын 16%, 10% және 0%-ға жіктеуді ұсынып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіретіндер, қосылған құн салығынан толықтай босатылады. Бұл саладағы бәсекелестікті арттыру үшін жасалып отыр. Ал денсаулық сақтау саласында кәсібін дөңгелетіп отырғандарға салықтың аталған түрі 10 пайыздан аспайды. Бұл тізімге тағы бірнеше сала қосылуы мүмкін. 16 пайыз қосылған құн салығы кімдерге салынатыны әлі талқыланып жатыр.

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары-Ұлттық экономика министрі:

Біз қосылған құн салығын 16%, 10% және 0%-ға жіктеуді ұсынып отырмыз. Ал қосылған құн салығының шегі 15 млн теңге көлемінде өзгеріссіз қалады. Қазір оның шегі – 80 млн теңге. Яғни кәсіпкерлер ірі бизнесін ыдыратып, салықтан жалтарып отыр. Ресми статистикаға сүйенсек, еліміздегі кәсіппен айналысатындардың 4 пайызы ғана қосымша құн салығын төлейді. Бұл өте аз.

Вице-премьердің айтуынша, дамыған және дамушы елдерде қосымша құн салығының шегі бізге қарағанда әлдеқайда төмен, тіпті кейбір мемлекеттерде ол атымен жоқ. Бүгіннен бастап құрамында Ұлттық экономика, Қаржы министрліктерінің өкілдері бар 6 арнайы жұмыс тобы бір апта бойы өңірлерді аралап, кәсіпкерлер арасында Салық кодексіне енетін өзгерістерді түсіндіреді. Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов Салық кодексінің жаңа жобасын 20 ақпанға дейін Мәжілістің қарауына өткізуді тапсырды.

Нұрсұлтан Тілектес 

Автор
Редакция
Бөлісу