Қызылордада алғаш бауыр трансплантациясын жасатқан науқас ауруханадан шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қызылордада алғаш бауыр трансплантациясын жасатқан науқас ауруханадан шықты

Қызылордада алғаш бауыр трансплантациясын жасатқан науқас ауруханадан шықты

Қызылордада алғаш бауыр трансплантациясын жасатқан науқас әйел мен донордың жағдайы түзеліп, ауруханадан шықты. Бүгінде облыста 76 адам бауыр циррозына шалдығып, өлім мен өмір арасында жүр.

32 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны Қазбек Құрманбеков өз өмірін қатерге тігіп, күрделі отаға еш ойланбастан келісімін берген. 10 сағатқа созылған операцияда бауырының 60 пайызы алынып, науқасқа салынған. Бір айға жуық уақытта донордың бауыры қайта қалыптасып, денсаулығы жақсарып келеді.

Қазбек Құрманбеков, донор:

Менің жеңгем мазасы болмай ауырып жүрді. 10 жылдай алысты, шаршады. 3 бауырым бар. Сол бауырларым анасыз қалмасын деп. өз еркіммен еш қорықпай келістім.

Жалпы, бауыр циррозына шалдыққан науқастарға донор табылмаса, көп жағдайда арты өлімге әкеп соғады. Осы қатерлі дертпен 2015 жылдан бері күресіп, емін таппай, қажыған Гүлмира Дүйсебаева қайын інісінің арқасында созылмалы аурудан айықты. Бүгінде ағзасынан алынған сынамалар оң нәтиже беріп отыр.

Гүлмира Дүйсебаева, ем алушы:

10 жыл бойы ішпеген дәрім жоқ. Бармаған жерім жоқ. Ауруханадағы бас дәрігерлердің арқасында осы ота сәтті өтіп, өмірге жаңа келгендей болып отырмын.

Әділбек Серікұлы

Автор
Редакция
Бөлісу