Ақтауда студенттер жапондық софора ағашының тұқымын екті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Ақтауда студенттер жапондық софора ағашының тұқымын екті

Ақтауда студенттер жапондық софора ағашының тұқымын екті

Ақтауда студенттер шөлейтті аймақта сирек кездесетін жапондық софора ағашының тұқымын екті.

Аталған өсімдік бұған дейін «Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағында» өсіріліп, сынақтан өткізілді. Негізінде биіктігі 25 метрге дейін жететін ағаш Маңғыстауда 6 метрге дейін өскен. Сондықтан аймақты көгалдандыруға қолданыла бастады. Мамандар студенттерге өсімдікті күтіп-баптауды, оны емге пайдаланудың әдістерін түсіндірді. Көшеттер тамыр жайғаннан кейін университет аумағындағы саябаққа егіледі. «Өз ағашыңды отырғыз» іс-шарасы «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Ақжүніс Иманбаева, Маңғыстау эксперименттік ботаникалық бағының бас директоры:

Қиыр Шығыстың өте құнды, дәрілік өсімдігі. Тұқым бойлағанда шашақты сырға сияқты төгіліп тұрады, күз айында әдемі болады. Сондықтан өте декоративті өсімдік. Маңғыстау жеріне шөлейт аймаққа өте құнды, ағаш тектес өсімдік.

Асыл Нұрбердиева, студент:

«Таза Қазақстан» атты акция аясында ағаш отырғызып жатырмыз. Бұл деген табиғатты қорғау, қоршаған ортаға пайдамызды тигізу мақсатында керемет жоба. Бұл біз үшін өте керемет тәжірибе болды. Мен бұл ағашты өзімнің Отаным үшін, Қазақстанымыз үшін отырғызып жатырмын.  

Ал Елордада «Таза Қазақстан» акциясы аясында «Жануарлардың ғажайып әлемі» атты көрмесі ашылды. Оған Мемлекет басшысына берілген дипломатиялық сыйлықтар қойылған. Көрмені тамашалауға қаладағы балабақшалардан 60-қа жуық бүлдіршін келді. Мақсат - жануар мен табиғаттың үйлесімін өскелең ұрпаққа дәріптеу, дейді шара ұйымдастырушылары.

Ботагөз Қайыпова, ҚР Президенті орталығы директорының орынбасары:

Мысалы, қолтырауын жәдігерімізді Президентке Вьетнам делегациясы сыйға тартқан. Қырғыз елінен келген көкбөріні жәдігер ретінде ұйымдасқан кигіз үйінің арнайы үлгісі бар. Тазының жәдігерін қойдық. Мұның бәрі ерекше қызығушылық танытқаннан кейін кішкентай балаларымыз үшін осы экспозицияны ұйымдастырып отырмыз.

Аягөз Оралбайқызы, Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу