Шымкентте 55 мұғалім біліктілік сынағынан 3 рет сүрінген
Шымкент қаласындағы мектептерде сабақ беретін 55 мұғалім біліктілік сынағына үш рет қатысып, үшеуінен де сүрінген. Олардың ішінде 36, соңғыларының жылдан астам педагогикалық өтілге ие мамандар бар.
Бұл мұғалімдер оқушыларға информатика, қазақ тілі, ағылшын тілі пәнінен және бастауыш сыныптарға сабақ беріп келген. Мамандардың тәжірибесі төмен екені біліктілікті жоғарылату мақсатында ұйымдастырылған оқу курстары кезінде анықталған. Олар әрбір курс аяқталғаннан соң біліктілік сынағын тапсырғанымен, шектік балды жинай алмаған. Білім министірлігі қолға алған іріктеуге шаһардағы 40 мектептің 3 мыңнан астам педагогі ілікті. Бұл мектептер білім сапасы бойынша төмен көрсеткішке ие болғандықтан, ондағы мамандардың білімін осындай сынақ арқылы жетілдіру көзделген болатын. Сондай-ақ биыл жоспарлы тексерістен өткен 70 білім ұясының 52-і аттестаттаудан сүрінді. Естеріңізге сала кетсек, Шымкент қаласы мектептері білім сапасы бойынша елде ең соңғы орында келеді.
Ақжарқын Тұрсынова, қалалық Білім басқармасы әдістемелік орталығы директорының орынбасары:
Басты назарды осы мұғалімдерге аударып, бүгінгі таңда сабақтарына ену, «Өрлеудің» тренерлерімен жұмыс істеп, әдістемелік орталық әдіскерлерімен сабақтар беру сынды жұмыстарды жандандырдық. Әрине егер мүлдем базалық курсы жоқ болса, көтеруге келмейтін болса, басқа қызметтерді ұсынуы мүмін.
Ғани Қалмаған
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
