Шымкенттегі 74 мектепте білім сапасы өте нашар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шымкенттегі 74 мектепте білім сапасы өте нашар

Шымкенттегі 74 мектепте білім сапасы өте нашар

Шымкенттегі 74 мектепте білім сапасы өте төмен. Ұстаздардың біліктілік деңгейі қағаз жүзінде жоғары болғанымен шәкірттердің білімі оған сай емес. Қала әкімінің орынбасары мектеп директорлары оқушыларға бағаны көтермелеп қойған ұстаздарға көз жұма қараған деп отыр. Оның дәлелі – арнайы ұйымдастырылған тексеріс кезінде оқушылар небәрі 40 пайыздан ғана жоғары оқу үлгерімін көрсеткен. Ал 600-ге жуық мұғалім педаогогикалық әдістемелік тәжірибесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған тегін курстарға қатыспағаны анықталды. Бұны мектеп директорлары да бақылауға алмаған. Сондай-ақ инклюзивті білім беру ісі де ақсап тұр. Мектеп жасындағы 301 мүмкіндігі шектеулі балаға жеке оқу жоспары бекітілмеген.

Сәрсен Құранбек, қала әкімінің орынбасары:

Әдістемелік орталықтан 20 топ құрылып, әр мектепке барып Bilim-AP деген бағдарламасының электронды нұсқасын алып, бүгінгі таңда мұғалімдердің берген білімі бойынша мектеп оқушыларының білімін тексеріп жатырмыз.

Ғани Қалмаханов

Автор
Редакция
Бөлісу