Бюджет тапшылығы: Президент қаржы үнемдеуді тапсырды
Бюджет қаржысын мақсатты әрі тиімді жұмсау үнемі актуальді, ал біздің уақытта өте-мөте өзекті. Бюджет тапшылығы – бір, дамуға ақша керек – екі, бір сөзбен және жұмсартып айтқанда бюджетте ақша аз. Қосылған құн салығын да сол үшін көтермекші. Демек жаппай үнемге автоматты түрде көшу керек. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент «Үкімет қаншалықты қиын болса да, жаппай үнемдеуге көшіп, бюджет қаржысын тек қана аса өзекті мәселелерді шешуге жұмсауы керек. Көрпеге қарай көсілетін уақыт келді. Орынсыз шығынды тоқтатып, аяғымызды тартып басу қажет» - деген. Сөйту керегін Үкімет негізі біледі.
Мысалы, тура бір жыл бұрын ақпандағы жиындарында «мемлекеттік органдардың форумдар, зерттеулер, іссапарлар сияқты әкімшілік шығыстарын қысқарту, әкімшілік ғимараттар салу, жөндеу жұмыстары тәрізді аса маңызды емес жобалар мен іс-шараларды қайта қарау ұсынылады, нәтижесінде босайтын 300 млрд теңгеден астам қаражатты Мемлекет басшысының тапсырмаларын және экономиканың негізгі секторларын қаржыландыруға бағытталады» деген. Ол релиз «Үнемделген қаражат экономиканың өсуіне бағытталады» деген атаумен Үкімет сайтында тұр.
Алайда жаппай үнем байқалмайды. Қарапайым және жарқын мысал келтірсек: конференция, семинар сияқты толған басқосулардағы баннерлер, қаламсаптар, блокноттар және белгілі бір стандартпен ғана алуға міндеттеп қойған тауарларға ақша бөлу. Оны тіпті кәсіпкерлерге де жүктейді. Фундаменталды өзгертетін дүниелерді өзгертпей, салықтарды көбейткенмен нәтиже сол «екі сиырдың» төңірегінде болады...
Амангелді Сейітханның сараптамасы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
