Елімізде медициналық скринингтің жаңа түрлері енгізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Елімізде медициналық скринингтің жаңа түрлері енгізілді

Елімізде медициналық скринингтің жаңа түрлері енгізілді

Енді 50 жастан асқан ерлер міндетті түрде екі жылда бір рет скринингтен өтуі тиіс. Ми қан айналымы бұзылу қаупін ерте анықтайтын тексеру түрі енгізілді.

Ресми дерекке сүйенсек, қан айналымы жүйесінің ауруы дүниежүзінде өлім-жітім бойынша 1-орында тұр. Скринингтен өтіп, уақытылы емделмесе, инсульт пен инфарктқа әкеледі, көру қабілетін жоюуы мүмкін.

Әсел Қыдыралиева, ДСМ Медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің басқарма басшысы:

Скринингтің ерекшелігі - диспансерлық есепте жүрек ауруымен, артериялық гипертензия, жүректің созылмалы жеткіліксіздігімен тұратын адамдарға арналған. Себебі олар бірнеше жыл бойы бұл аурумен ауырғаннан кейін тамыр бітелуі, ми қан тамырының бұзылуына алып келуі мүмкін. Осының алдын алу мақсатында біз ультрадыбыстық доплерография әдісін енгізуді биыл қолға алдық.

Бұдан бөлек биылдан бастап 18 жастан асқандар В және С гепатиттерін ерте анықтау үшін скринингтен өтуі керек. Бұл тексеріс бауыр обыры мен цирроз дертінің алдын алу үшін керек. 

Былтыр скринингтік бағдарлама арқылы 3,2 миллион азамат тексерілген. Нәтижесінде 120 мыңнан астам адам дертін дер кезінде анықтады. Қазір елімізде ең көп таралған 8 ауруды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер бар. Дәрігерлер халықты тексерістен уақытылы өтуге шақырады.

Аида Ахметбек

Автор
Редакция
Бөлісу