Елімізде 3 жаңа виза түрі енгізілді
Туристер үшін үш жаңа виза түрі енгізілді. Олар «Digital Nomad Visa», «Neo Nomad Visa» және «B9» визалары.
Аталған виза түрлері қашықтан жұмыс істейтін мамандар мен кәсіпкерлерге, IT саласының мамандарына, сондай-ақ медицина, ғылым, білім және шығармашылық салаларындағы шетелдік мамандарға арналған.
Жауаптылар осы арқылы Қазақстанды халықаралық кәсіби орта үшін тартымды ете отырып, бизнес пен стартаптарға қолайлы жағдай жасауды және шетелдіктерге еліміздің көркем табиғаты мен тұрмыс-тіршілігін жақынырақ таныстыруды көздейді.
Ержан Еркінбаев, ҚР Туризм және спорт вице-министрі:
«Neo Nomad» визасы бір жылға дейін жарамды және оны тағы 1 жылға ұзарту мүмкіндігі бар. Бұл бағдарлама бойынша отбасы мүшелері де өтініш бере алады. «Neo Nomad» визасын алу үшін үміткерлердің ай сайынғы тұрақты табысы кемінде $3 000 болуы керек. Оған қоса, Қазақстандағы қабылдаушы тараптың шақыруы қажет. Сондай-ақ олар соттылығының жоқтығы және жарамды медициналық сақтандыру туралы анықтаманы ұсынуы керек.
Серік Жұмабек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
