Ұлы Абайдың мерейтойы: Шымкентте көркемсөз шеберлерінің байқауы өтті
Ақын шығармашылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған сайыс үш кезеңнен тұрды. Оның алғашқысында байқау қатысушылары Абай өлеңдерін оқыса, онан кейін әндерін шырқап, «Абай жолы» эпопеясының үзіндісін мәнеріне келтіре айтып шықты. Оған 16 мен 29 жас аралағындағы жастар қатысты. Олардың арасында мектеп оқушыларынан бастап, колледж студенттері және әскери бөлім сарбаздары да бар. Қазылар алқасы байқау қатысушыларының шығарманы оқу шеберлігіне, қазақ тілінің орфоэпиялық нормаларын сақтап, таза сөйлеуіне айрықша мән берді.
Бекзат Асқар, байқауға қатысушы:
Мұндай жарыстар рух береді. Абайдың шығармасын оқуға шабыт береді. Абайдың жарысына қатысу - парыз деп білемін. Себебі Абай - ұлы ақын. Оны танып-білуіміз керек.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner