Қостанай облысында сүт фермасы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қостанай облысында сүт фермасы ашылды

Қостанай облысында сүт фермасы ашылды

Қостанай облысының Степанов ауылында заманауи сүт фермасы ашылды. Жақында шаруашылық Даниядан 400 сауын сиыр әкелді. Жыл аяғына дейін олардың санын 1200-ге жеткізу жоспарланған. Қазір фермада 30 шақты жергілікті тұрғын еңбек етеді. Кәсіпорын толық қуатына көшкенде жұмысшылар саны тағы да көбейе түспек. Ферманың құны 7 миллиард тенгеге жуық. Бұл қаржының 30 пайызы шаруашылыққа тиесілі болса, қалғаны жеңілдетілген несие есебінен берілген мемлекет қаржысы. Жалпы, облыста биыл 6 сүт тауарлы фермасы ашылады деген жоспар бар.

Асылбек Айқадамов, ферма басшысы:

Мұнда енді бұзаулап жатқан сиырлар бар. Қазір 21 литр сүт беріп жатыр. Жоспар бойынша 26-27 литрге жеткізетін ойымыз бар. Жоба бойынша жылына 9 мың тонна сүт сауылуы керек. 7-8 жылда, әрі кетсе 10 жылда ақтап шығады деп  ойлаймыз. Қазір күніне 6 тонна сүт тапсырып жатырмыз.

Дәуренбек Әбдібек

Автор
Редакция
Бөлісу