Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

Мемлекет басшысы Әл-Хусейния сарайына барды

Иордания Хашимит корольдігіне ресми сапармен барған Қасым-Жомарт Тоқаевты Әл-Хусейния сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Король екінші Абдалла бен әл-Хусейн және Тақ мұрагері күтіп алды. Мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімінде Құрмет қарауылы сап түзеп, әскери оркестр екі елдің әнұранын шырқады. Содан кейін олар келіссөз залына өтті.

Шерхан Жамбылұлы

Автор
Редакция
Бөлісу