Үкімет басшысы: Әуе тасымалына арыз-шағым көп
Елімізде әуе тасымалына қатысты арыз-шағым көп. Бұл туралы бүгін үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов айтты. Еліміздің әуежайлары халықаралық стандарттар бойынша мультимодальді орталыққа айналуға тиіс. Бұл әртүрлі көлік түрлерімен жеткізілетін жүктерді қабылдау және тарату қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Осы орайда премьер-министр жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуге қатысты проблемаларды шұғыл әрі жүйелі шешу керек екенін айтты.
Олжас Бектенов, премьер-министр:
Жолаушыларға ең жоғары стандарттар бойынша қызмет көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударыңыздар. Бұл мәселеге қатысты арыз-шағымдар көп. Орын алған проблемаларды шұғыл әрі жүйелі түрде шешу керек. Авиация саласы – туризмді дамытудың маңызды факторы. Кендрлі, Зайсан және Қатон-Қарағай курорттық аймақтары айқындалды онда жаңа әуежайлардың құрылысы жақында басталады және биыл аяқталуға тиіс.
Ал көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың айтуынша, Қазақстанда жүк таситын әуе компаниясы ашылуы мүмкін. SCAT әуе компаниясы жүк тасымалдайтын компания ашуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Қазақстанның әуе паркінде қазір 104 ұшақ бар, жыл соңына дейін тағы 14 ұшақ келуі тиіс. Бұл шешім тасымалдау сыйымдылығын 15 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
