Алматыда 102 жастағы науқасқа операция сәтті жасалды
Алматыда 102 жастағы науқасқа операция жасалды. Зейнеп Әбілжанова жамбас сүйегінің сынығымен ауруханаға түскен. Ұлттық госпитальдің дәрігерлері ақылдасып, операция жасау туралы шешім қабылдаған. Әдетте жасына байланысты қарияларға мұндай ота жасау күрделі. Операция жасамас бұрын науқасты дайындап, оның рұқсатын алған. Бәрі ойдағыдай өтті, дейді емдеу мекемесінің травматологы.
Қазір кейуана өзі отыра алады. Операция міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалған.
Айбек Дәуіржан, травматолог:
Эпидуральды анестезия арқылы жасалды. Яғни, ол белден берілетін анестезияның бір түрі болып есептеледі. Науқасымыз операцияны жеңіл өткізді. Қазіргі уақытта науқастың жағдайы бірқалыпты. Операциядан кейінгі емдердің барлығы толық жүріп жатыр.
Қуан Нұрақын
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner