Жетісу облысында жылжымалы әдебиет мектебі жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жетісу облысында жылжымалы әдебиет мектебі жұмысын бастады

Жетісу облысында жылжымалы әдебиет мектебі жұмысын бастады

Жетісу облысында «Мизам» жылжымалы әдебиет мектебі жұмысын бастады. Еліміздегі тұңғыш авторлық жоба аясында 6-10 сынып аралығындағы оқушыларға сөз қадірін білетін жетісулық ақын-жазушылар дәріс беріп, шығарма жазып, өлең шығарып және жастарға кітап оқуды дәріптейді. Әдебиет мектебі шығармашылықтың 7 бағыты бойынша жұмыс істейді. Жас қаламгерлер шағын әңгіме, мақала, эссе жазуға машықтанып, жергілікті ақын-жазушылармен кездесіп, мәдени шаралар мен байқауларға қатысып қарым-қабілеттерін сынайды. Жылжымалы мектеп екі айда 8 аудан мен 2 қаланы аралап, талантты балаларды іріктеп, олардың әдебиет әлеміне батыл қадам басуына көмектеседі.

Жұматай Әміреев, облыстық «Жетісу» газетінің бас редакторы, ҚР Мәдениет қайраткері:

Әдебиет әлеміне ақпанның ақ таңында осындай бір әппақ арманмен жолға шықтық. Болашақта жемісін беріп жатса, алдағы жылдары бұдан да ауқымды етіп, әрі қарай дамытамыз.

Қуаныш Қанатұлы

Автор
Редакция
Бөлісу