БҚО театр актерлері біліктілігін шыңдай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар БҚО театр актерлері біліктілігін шыңдай бастады

БҚО театр актерлері біліктілігін шыңдай бастады

Ұлттық арна көтерген мәселе театр актерлерінің біліктілігін арттыруға ықпал етті. Бұған дейін арна тілшілері жөндеуі мерзімінен кешігіп, ғимараты екі жылдан бері жабық тұрған, труппасы жан-жақта шашырап жүрген Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының жағдайы туралы материал берген еді.

Сюжетте өнертанушылар театр әртістерінің тіл тазалығына, сахна қозғалысына қатысты сын айтқан еді. Қазір өнер ұжымына Алматыдан арнайы маман шақырылып, «Сахна тілі» сабағынан шеберлік дәрісі басталды. Театр әкімшілігі сахна сайысынан да арнайы маман алдыртып, актерлердің біліктілігін шыңдамақ. Ал ғимараттың күрделі жөнделуі әлі басталған жоқ. Өйткені жарияланған конкурстың күші жойылған. Құны 2,7 млрд теңге болған ғылыми-жобалау құжаттамасы қайта қаралып жатыр. Қаражаты қысқарып, жобаға өзгеріс енгізілмек.

Мұрат Әбзелбаев, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының оқытушысы, профессор:

Бүгін екінші күн дәріс жүргізіп жатырмыз, техникалық жаттығуларды үйреніп жатырмыз. Актерлердің деңгейі әртүрлі. Тіл таза болуы үшін дем алуы дұрыс болуы керек алдымен. Мүсін түзулігі, дене бұлшықеттерінің еркіндігі, себебі еркін денеден ғана еркін сөз, еркін әріп шығады. Содан соң тыныстың толықтығы, дауыстың ауқымдылығы... Осының бәрі бір-бірімен жалғасып келіп тіл тазалығына ұласады.

Ардақ Мұратқызы

Автор
Редакция
Бөлісу