Соғыс ардагерлеріне ем-дом жүйелі түрде көрсетіліп келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Соғыс ардагерлеріне ем-дом жүйелі түрде көрсетіліп келеді

Соғыс ардагерлеріне ем-дом жүйелі түрде көрсетіліп келеді

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл. Жеңіс мерейтойы қарсаңында әртүрлі іс-шара қолға алынып жатыр. Алматыдағы соғыс ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпитальдің де жұмысы жанданған. Ұжым білікті де білімді мамандармен толықты. Бөлімдер саны артты.

Атап айтқанда, терапия, физиотерапия, көпбейінді оңалту, жүйке аурулары, диагностика бөлімдері бар. Биылдан бастап денеге бағытталған психотерапия емі жүргізіле бастады.

Мария Семак, психотерапевт:

Денеге арналған психотерапияның қарт адамдар үшін пайдасы орасан. Ол кісілерде ұйқының бұзылуы, уайым, мазасыздық жиі кездеседі. Біз оларға әртүрлі техниканы жасату арқылы жанын да, тәнін де демалдырамыз. Ал осы ем-шара ардагерлердің өзін жайлы сезінуіне көмектеседі.

Госпитальге соғыс ардагерлерінен бөлек, Ауған, Қарабақ ұрысының жауынгерлері, Чернобльде болғандар мен Семей полигонынан зардап шеккендер келеді. Сауықтыру орталығында жылына 4 500-ге жуық адам ем қабылдайды.

Ернұр Медет

Автор
Редакция
Бөлісу