Алматыда Satbayev University базасында эко-хаб ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Алматыда Satbayev University базасында эко-хаб ашылды

Алматыда Satbayev University базасында эко-хаб ашылды

Студенттер көп орналасқан ортада экологияны қорғау, сақтау мәдениетін қалыптыстыру маңызды. Осы орайда Алматыда Satbayev University базасында алғаш рет эко-хаб ашылды. Хабта жастар күнделікті пайдаланған пластик, шыны бөтелкелерін жинап, тапсырып, оларды қайта өңдей алады. Пластик материалдардан күнделікті қолданысқа қажетті бұйымдар жасауға болады. Хаб арнайы қондырғылармен жабдықталған. Университет базасында ашылған орталық «Таза Қазақстан» жобасы аясында жүзеге асып отыр.

Мерейбек Манахабек, студент:

Әртүрлі пластиктер бар, соларды өңдеу арқылы көптеген зат жасауға болады. Жиһаз, орындықтар жасай аламыз. Алматы ақырындап ластанып бара жатыр. Соны қолға алу керек. Әр адам бір бөтелкені басқа жерге тастайтын болса, 10 жылдан кейін таза қалаға айналуы мүмкін.


Автор
Редакция
Бөлісу