Татарстанда қазақ өнері насихатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Татарстанда қазақ өнері насихатталды

Татарстанда қазақ өнері насихатталды

Қазақстан мен Татарстан музей саласында ынтымақты арттырмақ. Қазан қаласындағы ұлттық музейде қазақ-татар халықтарына ортақ құнды жәдігерлердің қатары көбейді. Жалпы бір миллионға жуық бағалы зат бар. Сонымен қатар «Хазинэ» ұлттық өнер галереясы қазақтың ақын-жазушылар мен өнер иелерінің шығармашылығы насихаттауда. Галереяға татар суретшілері «Абай жұмыс үстінде» картиналарын ұсынып, жыр жампозы Жамбыл Жабаевтың, биші Шара Жиенқұлованың, Ілияс Жансүгіровтің портретін қойған. Қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері бейнеленген шығармалар да көптің көңілінен шықты. 

Индира Бегайдар

Автор
Редакция
Бөлісу