Отандық көлікті несиеге алу талаптары жеңілдеді
Елімізде отандық көлікті несиеге алу тәртібі жеңілдеді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі жаңа қаулы қабылдап, өзгерістер күшіне енді. Енді бірнеше несиесі бар адамдар да автомобильді еш кедергісіз сатып ала алады. Оңғар Алпысбайұлы толықтырып айтады.
Қазақстандықтарды несиелеуге қатысты Ұлттық банк бекіткен мындай ереже бар: Қарыз алушының ай сайынғы несие төлемі табысының 50 пайызынан аспауы тиіс. Енді бұл талап автонесиелеу бағдарламасынан алынып тасталды.
Нұрбол Райымқұл, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі департаментінің бас маман-экономисі:
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап 2026 жылғы 30 желтоқсанға дейін жаңа автокөлік сатып алуға қарыздар бойынша борыштық жүктемесі коэффицентін сақтау жөніндегі талап уақытша тоқтатылды. Түзетулер отандық автокөлік өнеркәсібінің дамуын сондай жеңілдікпен автокредит беру шарттары шеңберінде автокөлік сатуды ынталандыруға бағытталған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Яғни мұндай жеңілдік тек Қазақстанда құрастырылған көлікті алғандарға беріледі. Негізгі талаптары мынадай.
Қазақстанда алғаш рет тіркелетін жаңа автокөліктерге алғашқы жарна қажет емес. Ескісін алу үшін құнының 50 пайызын бірден төлеу керек. Ал үш жылға дейінгі көлік алғандарға бастапқы жарна 30 пайыздан кем болмауы тиіс.
Бұл өзгеріске көптің көзқарасы әр түрлі. Барлық тәуекелдер ескерілді. Проблемалық несиелердің көбейіп кетуіне әсер етпейді. Бастама көтерілгеннен бастап үкіметтік талқылауларға қатысқан экономист Сапарбаев Жобаев осылай дейді.
Сапарбай Жобаев, экономист:
Ішкі өндірісті қолдау. Ол да енді жұмыс орындары ғой. Бізге салық төленеді. Ол жерде адамдар жұмыс істейді. Кейін өзіміздің өндірісті қолдау мәселесі бар. Көп елде осындай тәжірибе бар. Жеңілдетілген несие береледі. Автомобильдік несие банктердің коммерциялық несиесі емес. Жеңілдетілген. Төлем қабілеті сәл төменірек болған азаматтарымыз төлеп шығып, ертең сол автомобильмен жұмыс істеп, өздерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуы мүмкін.
Жаңа қаулы күшіне енді. Жеңілдік 2026 жылдың соңына дейін ғана қарастырылған.
Оңғар Алпысбайұлы, тілші:
Сонымен қазіргі уақытта Қазақстан азаматтары үшін ипотекалық және автомобиль несиелерін рәсімдеу жеңіл. Өйткені бұл қарызды алар кезде сіз сатып алғалы отырған қымбат мүлкіңізді кепілге қоясыз. Ал егер ай сайынғы төлеміңізді кешіктірсеңіз банк сіздің мүлкіңізді тәркілеп, өз еркімен сатып жіберуге құқылы. Сондықтан несиені рәсімдемес бұрын мүмкіндігіңізді барынша екшеп алғаныңыз абзал.
Оңғар Алпысбайұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
