Мемлекет басшысының Иорданияға сапары: 10 маңызды құжатқа қол қойылды
Кумран қолжазбалары немесе Өлі теңіз қолжазбалары – 1947 жылы Өлі теңіздің батыс жағалауындағы үңгірлерден табылған араб, ежелгі иврит, латын және тағы бірнеше көне тілдерде жазылған қолжазбалар.
Кумран қолжазбалары теріге, папирусқа, мысқа, ағашқа т. б. заттарға жазылған. 11 үңгірден қолжазбалардың 40 мыңға тарта үзіндісі – шамамен 600 шығарманың жұрнағы табылған. Бұл қолжазбалардың көпшілігі б. з. б. 2 ғ. - б. з. 68 жылдарына жатады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Амманға ресми сапары аясында Иордания музейіне соққан, сонда Кумран қолжазбалары таныстырылыпты. Онда мыс фрагменттер екен. Ал сапардың басты мақсаты әрине, Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейнмен келіссөз жүргізу. Президенттің пікірінше, Иордания – бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтауға бейіл ел ретінде халықаралық қоғамдастық тарапынан мойындалған мемлекет.
Сапар аясында бірнеше меморандумға, ведомствоаралық және коммерциялық 10 құжатқа қол қойылған. Ал Бірлескен мәлімдемеде энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, ақпараттық технологиялар, өңдеу өнеркәсібі және фармацевтика сияқты салаларда сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету қажет деген.
Бір штрих Мемлекет басшысы Корольді таққа отырғанына 25 жыл толуымен құттықтады. Қасым-Жомарт Тоқаев Иордания Королі II Абдалла бен әл-Хусейнге Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденін табыстады. Иордания королі – халықаралық деңгейде беделі жоғары мемлекет басшысы.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
