Халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздарына, педагогтарға сыйақы берілуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздарына, педагогтарға сыйақы берілуі мүмкін

Халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздарына, педагогтарға сыйақы берілуі мүмкін

Халықаралық ғылыми байқау жеңімпаздары мен педагогтарына сыйақы берілуі мүмкін. Бұл жаңалықпен Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ақпаратқа сәйкес, халықаралық ғылыми байқаулардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, сондай-ақ оларды дайындаған педагогтарға біржолғы ақшалай сыйақы беру туралы түзетулер Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында қабылданды. Енді бұл норма Мәжілістің жалпы отырысына шығарылады. Бұл өзгеріс Президент тапсырмасына сәйкес қолға алынды.    

Самал Қабышева

Автор
Редакция
Бөлісу