Еуропалық Одақ Қазақстанды балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті
Қазақстандық бал енді Еуропа нарығына тасымалданады. Еуропалық Одақ елімізді балды экспорттаушы мемлекет ретінде бекітті. Жаңа регламент ЕуроОдақтың ресми журналында жарияланғаннан кейін 20 күннен соң күшіне енеді.
ЕуроОдақ бал өндіруден әлемде Қытайдан кейінгі екінші орында. Дегенмен өз тұрғындарының балға деген сұранысын тек 63 пайызға қамтуға қауқарлы. Қалғанын шет елден сатып алады. Біздің ел 2023 жылы 4 мың тоннаға жуық бал өндіріп, оның 228 тоннасын Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан, Біріккен Араб Әмірліктері мен Иорданияға экспорттаған. Енді ЕуроОдақ елдеріне жеткізеді.
Марғұлан Баймұхан, ҚР Бельгиядағы елшісі, Қазақстанның ЕуроОдақ пен НАТО жанындағы миссиясының басшысы:
ЕуроОдақтың 450 млн халқы жақында қазақстандық сапалы, тәтті балдың дәмін татуға мүмкіндік алады. Біз отандық өнімді Еуропа нарығына шығару жұмысын әрі қарай жалғастырамыз. Қазір кезекте ауыл шаруашылығы дақылдары мен уылдырық тұр. Сондай ақ, ет, сүт өнімдерін, осы жақта сұранысқа ие қазақтың жылқы етін Еуропаға тасымалдау бойынша жұмыс істейміз.
Нұрсұлу Қасым
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner