Байқоңырда медициналық қызметтің сапасы артып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Байқоңырда медициналық қызметтің сапасы артып келеді

Байқоңырда медициналық қызметтің сапасы артып келеді

Байқоңыр қаласында ел азаматтары үшін сапалы медициналық көмек алуға мүмкіндік туды. Ғарышкерлер шаһарындағы отандық көпбейінді ауруханаға компьютерлік томограф пен маммограф қондырғылары орнатылып, қызмет көрсету аясы кеңейе түсті.

Байқоңырдағы жалғыз қазақстандық көпбейінді аурухана 2016 жылы жұмысын бастаған. Бүгінде орталыққа 40 мыңнан астам тұрғын тіркеліп тұр. Отандастарымыз дәрігерлерге тегін қаралып, тиісті ем-домын алып келеді. Ал жатып ем алушыларға мұнда 105 төсек орын қаралған.

Гүлзада Боранбаева, ем алушы:

Қан қысымым 170-180 боп келдім, ем-домдарымды алып жатырмын. Басқа да дәрі-дәрмектер жасап жатыр. Жылына екі рет жатып тұрамын осы келіп.

Бұрын ел азаматтары кейбір медициналық көмекті ресейлік емханаларда немесе Қызылордадан алатын. Соңғы жылдары орталық заманауи диагностикалық қондырғылармен толықты. Қазір денсаулығы сыр берген байқоңырлықтар қаладан жыраққа кетпейді.

Мөлдір Сармолдаева, қала тұрғыны:

Бұрын жоқ кезде басқа қалаларға баратын едік. Ақылы өтетін едік. Қазір өзіміздің қаламызға тегін келіп жатыр. Бәріміз соған барамыз. Емханада барлығы бар. Барлық жағдай жасалған.

Емдеу орнына ең соңғы үлгідегі компьютерлік томограф аппараты жуырда орнатылды. Оған 405 миллион теңге қаржы жұмсалған. Күніне 10-ға жуық адам скринингтік тексеруден өтеді.

Сұлтанбек Кенжебаев, көпбейінді аурухананың бас дәрігері:

Одан басқа екі наркознодыхательный аппарат келді. Төрт монитор. Прикроватный монитор дейді. Адамның ағзасын, жүрек соғысын бәріне. 10 дефекблюатр келді. Функционалды кереуеттер келді, ол да өте қымбат дүние. Одан басқа 5 санитарлық автокөлік берілді.

Сондай-ақ былтыр Байқоңырда бауыр циррозы ауруына шалдыққан жандар үшін гемодиализ орталығы іске қосылды. Бұл тек шаһар тұрғындарына ғана емес іргелес жатқан Төретам мен Айқай елдімекеніндегі науқастар үшін де үлкен көмек болды.

Әділбек Серікұлы

Автор
Редакция
Бөлісу