Астанада «Бірлік жолы» көрмесі ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Астанада «Бірлік жолы» көрмесі ашылды

Астанада «Бірлік жолы» көрмесі ашылды

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай, Астанада «Бірлік жолы» көрмесі ашылды. Онда Ассамблеяның институционалдық мәртебесін айқындаған негізгі құжаттар, сондай-ақ Тұңғыш Президенттің жеке архивінен алынған қолжазбалар, блокноттар, тарихи-публицистикалық және мемориалдық жанрдағы материалдар бар. Іс-шарада этномәдени бірлестіктердің өкілдері сөз сөйледі. Олардың ішінде поляктардың Қазақстанға депортацияланғаны жайлы кітап жазған жазушы, «Құрмет» орденінің иегері Юрий Серебрянский де болды.

Юрий Серебрянский, жазушы:

Бүгін осы жерде кітабымның таныстырылымы өтті. Шығарма поляктардың Қазақстанға депортациясы туралы. Мен поляк диаспорасының журналында редактормын. 2012 жылдан бері біз Қазақстанға депортацияланған поляктардың естеліктері мен жазбаларын жинаймыз. Олардың бәрін оқып шыққан кейін, өзім жазған көркем шығарманы қосып, кітап болып жарық көрді.

Темірлан Нұрсолтан

Автор
Редакция
Бөлісу