Президент Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасын қабылдады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады. Кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жан-жақты тереңдету мәселелері талқыланды. Сондай-ақ Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымының көлемін ұлғайту үшін жаңа мүмкіндіктер іздеу, көлік-транзит байланысы үшін қолайлы жағдай жасау жолдары қарастырылды. Бұдан бөлек бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру және су-энергетика саласындағы ықпалдастық мәселелеріне айрықша мән берілді.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Қазіргі таңда қазақ-қырғыз ынтымақтастығы қарқынды дамып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Құрметті Садыр Нургожоевич Жапаровтың Қазақстанға былтыр жасаған ресми сапары екіжақты ықпалдастығымызды жаңа деңгейге көтерді. Осы сәтті пайдаланып, құрметті Садыр Нургожоевичке жылы лебізімді жеткізуіңізді сұраймын.
Адылбек Касымалиев, Қырғыстан Республикасы Министрлер кабинетінің төрағасы:
Астана шаһарында, қонақжай қазақ жерінде қырғыз делегациясына уақыт бөліп, қабылдап жатқаныңыз үшін сізге терең разышылық білдіремін. Біздің Президентіміз бауырлас Қазақстанмен достық және тату көршілік қарым-қатынасты әрдайым арттыруға зор мән беріп, қолдау білдіріп келеді.
Азамат Бейбітұлы
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner