АЭС: 4 компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар АЭС: 4 компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр

АЭС: 4 компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр

Елімізде салынатын Атом электр станциясына арналған реакторлық технологияларды ұсынған төрт компанияның ұсынысы қарастырылып жатыр. Бұл туралы Атом саласын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында айтылды. Оның ішінде Қытайдың «CNNC» компаниясы, Ресейдің «Росатом» мемлекеттік корпорациясы, Оңтүстік Кореяның KHNP және Францияның EDF комппаниясы бар. «Шорт тізімге» енген бұл кәсіпорындарға технологиялық шешімдер, қауіпсіздік жүйелері, қаржыландыру шарттары және экологиялық аспектілер бойынша нақты сұрақтар жолданған.

Энергетика министрлі өкілдерінің ақпаратынша, реактор жеткізушілерінің ұсыныстары әлі жан-жақты,егжей-тегжейлі талданады. Еліміздің мүддесі мен барлық факторы ескеріліп, түпкілікті шешім қабылданбақ.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу