Жер қойнауының бірыңғай платформасы іске қосылғалы 500-ден астам өтінім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Жер қойнауының бірыңғай платформасы іске қосылғалы 500-ден астам өтінім

Жер қойнауының бірыңғай платформасы іске қосылғалы 500-ден астам өтінім

Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы іске қосылғаннан бері 500-ден астам өтінім түскен. Бұл жайында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі ұйымдастырған дөңгелек үстелде айтылды. Платформа барлық геологиялық ақпаратқа ашық қол жеткізуге мүмкіндік береді. Онда 22 мемлекеттік қызмет цифрландырылған. Сол арқылы қатты пайдалы қазбалар бойынша берілген лицензиялар мен келісімшарттар бойынша міндеттемелердің орындалуын барысын бақылауға болады. Сондай-ақ платформада барлауға өтінім беруден бастап аукционға дейінгі және лицензия беру процесі де автоматтандырылған.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу