«Отбасы берекесі» кітабы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар «Отбасы берекесі» кітабы жарық көрді

«Отбасы берекесі» кітабы жарық көрді

Елордада «Отбасы берекесі» атты кітаптың таныстырылымы өтті. Автор Оразкүл Асанғазықызы шығармасында жанұя институты, ұлттық тәрбие мен дәстүр тақырыптарына тоқталған. 6 ай бойы жазылған туындыда отбасыдағы берекені сақтау туралы жазылған. Кітап 3 мың данамен басылды. Астана, Алматы және Шымкент қалаларында сатылымға шықпақ.

Оразкүл Асанғазықызы, кітап авторы:
Әр отбасының шаңырағы биік, керегесі кең, босағасының берік болғанын қаладым. Осыған қалай көмектесемін халқыма деп өзімнің өмірлік тәжірибемді айтатын жүйе жасадым. Кітап үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлім – «Отан – отбасынан басталады». Екінші – «Махаббат жылытады». Үшінші бөлім – «Жұрттікі бүгін үшін, менікі ертең үшін» деген бала тәрбиесі туралы.
Темірлан Нұрсолтанов

Автор
Редакция
Бөлісу