Қарағандыны қарғын судан сақтайтын канал құрылысы аяқталуға жақын
Қарағанды қаласын тасқыннан қорғау үшін арнайы канал салынып жатыр. Құрылысы аяқталуға таяу. Жалпы облыстағы 150 елдімекенге қарғын судан қауіп төніп тұр.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Біз қазір Қарағанды қаласының оңтүстік шығыс аймағында тұрмыз. Жыл сайын қарғын су осы жақтан ағып, шаһардың бір бөлігі судың астына қалатын. Ал биыл қарғын су қала сыртымен айналып өтуі үшін арнайы канал салынып жатыр. Бұл арықтың орташа тереңдігі 5 метрден асады. Ал жалпы ұзындығы – 2 шақырым. Бұл арқылы 95 мың текше метр су қаланы айналып өтеді деп күтілуде. Былтыр басталған жұмыс алдағы 10 күнде аяқталуы тиіс. Сондай-ақ 15 мың құм толы қап дайындалған және Соқыр өзенінің арнасы тазартылуда. Дайындық барысы жөнінде Төтенше жағдайлар Департаменті өкілінің сұқбатын тындасақ.
Думан Дәлешов, облыстық ТЖД басшысының орынбасары:
Биылғы жылы күш-құралдар су қаупін жою мақсатында 6 бағытта жиналды. Оны біз былтырғы жылы қай елдімекеннен су тасу басталады, соны шығарып салу мақсатында күш-құралдарды дайындап қойдық. Ол енді жылдағы практика көрсетеді, осы Қарқаралы ауданынан басталады.
Жандос Бақытұлы, тілші:
Биыл Арқада қар қалың. Тіпті жердегі тоң 30 сантиметрге жеткен. Сондықтан күн күрт жылыса, қарғын судан қауіп бар. Облысқа қарасты Самарқанд, Шерубай-Нұра, Ынтымақ, Ботақара су қоймалары да жіті бақылауда. Бұған қоса көпірлер мен жол бойындағы су өткізу құбырларының қары тазартылып жатыр.
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49

Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Хасан Қасымбаевқа қатысты сот процесі басталды
21.08.2025, 10:12
Banner