Қазақстандағы үкіметтік емес ұйымдар саны 2,5 есе артты
Бүгін дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні. Мерекеге орай қоғамдағы әрбір маңызды мәселеге бей-жай қарамайтын ұйым жетекшілері марапатталды. Жалпы 2008 жылдан бері үкіметтік емес ұйымдар саны 2,5 есе артты. Бүгінде елімізде 22 мыңнан астам ұйым тіркелген, оның 18 мыңы белсенді әрі тұрақты түрде жұмыс істейді. Былтырдың өзінде 2 мыңнан астам әлеуметтік жоба жүзеге асырылды. Мемлекет ұйымдарды қолдау мақсатында әлеуметтік тапсырыс, гранттар, стратегиялық әріптестік сынды қаржыландыру тетіктерін жыл сайын арттырып келеді.
Баян Ахметова, «Ардагер» ҚБ төрайымы:
Біздің «Ардагердің» ең үлкен жұмысы – 15 жыл жүріп істегеніміз, «Белсенді ұзақ өмір» деген центрлар ашылды ғой. Бүкіл Қазақстан бойынша бар. Көшеде келе жатып, көп қарт кісілер домбыра ұстап келе жатады, біреуі йогадан келе жатырмын дегенде өте қуанамын.
Ұлжан Мырзагелдиева, «Жақсылық арифметикасы» ҚҚ басшысы:
Қоғамдық қорымыздың мақсаты – аз қамтылған отбасының балаларымен жұмыс істеу. Қазіргі таңда осы қоғамдық қор негізінде 2 оқу орталығы жұмыс істейді. 28 мұғалім бар. 480 бала білім алады. 153 отбасының балаларын қамтып отырмыз.
Ақниет Балтанова
Автор
Редакция
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақ пен қырғыздың өзара құрметі ешқашан үзілген емес
22.08.2025, 10:39

Астанада бір ғасыр бұрын түсірілген фотосуреттер көрмеге қойылды
21.08.2025, 10:49
Абай - шығыс пен батыс әдебиеті арасындағы алтын көпір
21.08.2025, 10:46
Бурабай аумағына экологиялық бақылау жүргізілді
21.08.2025, 10:34
Еліміздегі бірқатар облыста суару арналары автоматтандырылып жатыр
21.08.2025, 10:34
Профессор: Азаматтық қоғам мен жауапкершілік – Ата Заңның негізі
21.08.2025, 10:27
Израиль армиясы Газа қаласын алу операциясының бірінші фазасын бастады
21.08.2025, 10:19
Ауғанстанда жол апатынан 79 адам қаза тапты
21.08.2025, 10:18
Banner