Әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді

Әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді

Әскери резервтегі қазақстандықтарға жалақы төленеді. Бүгін Сенат резервтегі әскери қызмет туралы заң жобасын қарады. Құжат арқылы келісімшарттың мерзімі, оны жасау және сабақтар, жиындар өткізудің тәртібі айқындалады. Әскери резерв келісімі ерікті түрде үш жылға жасалады. Сарбазға ай сайын және түрлі әскери жиындар кезінде ең төменгі жалақы төленеді. Ал жұмыс істейтіндерге жиын уақытында оның орташа айлығы өтеледі және жұмысы мен лауазымы сақталады. Сарбаздардың медициналық қамтамасыз етілуі, тамақтану, жарақат алған жағдайда біржолғы өтемақы алу мүмкіндігі де бекітілді. Сенат Заңды екінші оқылымда мақұлдады.

Мәулен Әшімбаев, Сенат төрағасы:

Әскери қызметін резервте өткеретін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру мәселесі де реттеліп отыр. Мақұлданған заң Қарулы Күштеріміздің әлеуетін және еліміздің қорғаныс қабілетін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп сенеміз.

Оңғар Алпысбай

Автор
Редакция
Бөлісу