Несие мерзімін кейінге шегеруге болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Несие мерзімін кейінге шегеруге болады

Несие мерзімін кейінге шегеруге болады

Бірақ, бұл қарызды кешіру емес екенін ескеру қажет. Кейін банк несиенің мерзімін ұзартуы немесе төлем көлемін көбейтуі мүмкін. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мына санаттағы адамдарға несие мерзімін уақытша тоқтатуға болатынын мәлімдеді.

Сырқаттанып қалғандар, жұмысынан айырылғандар мен жалақысы қысқарғандар. Отбасы мүшелері санының артуы сондай-ақ, төтенше жағдайға тап болғандар уақытша жеңілдікті ала алады.

Ол үшін қаржы алған ұйымға немесе банк қызметкеріне өтініш қалдыруы шарт. Әрі кредитті мерзімінде төлей алмауының себебін, құжатпен растауы керек.

Асылбек Данияр


Автор
Редакция
Бөлісу