Қазақстандық 12 блогер 73 млн ₸ салық төледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстандық 12 блогер 73 млн ₸ салық төледі

Қазақстандық 12 блогер 73 млн ₸ салық төледі

Қазақстандық 12 блогер өз еркімен 1 млрд 400 млн теңге қосымша табыстарын декларациялап, 73 млн теңге салық төледі. Қазір мемлекеттік кірістер комитеті камералдық бақылау жүргізіп жатыр. Бұл дегеніміз - салық төлеушіге табыстарын өз еркімен жариялап, есептелген салықтарды төлеуге, ал келіспеген жағдайда қайта қарауға мүмкіндік беру. Айта кетейік, камералдық бақылау туралы хабарлама 800-ден аса блогерге жіберілген.  

Ақниет Балтанова

Автор
Редакция
Бөлісу