Шымкенттегі екі шағын ауданға құбыр тартылғанымен, газ берілмеген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Шымкенттегі екі шағын ауданға құбыр тартылғанымен, газ берілмеген

Шымкенттегі екі шағын ауданға құбыр тартылғанымен, газ берілмеген

Шымкентте екі бірдей шағын ауданға әлдеқашан табиғи газ желісі тартылғанымен тұрғындар әлі күнге оның игілігін көре алмай келеді. Өйткені құбырдың өзі бар да, ішінде газы жоқ. «Нұршуақ» шағын ауданындағылар осыдан үш жыл бұрын тұрмысымыз жайланатын болды деп қуанған еді. 15 көшенің тұрғындары қаржысын үнемдеп жүріп, үйге қазандық та орнатты. Плитасын сатып алды. Енді бәрі де құр әшейін сәндік үшін қойғандай боп, пайдаға аспай тұр. Ал «Ынтымақ» шағын ауданына 2016 жылдан бері екі рет газ желісі тартылды. Алғашқысы аумаққа көгілдір отынды толық жеткізе алмайтын болғандықтан, оны ысырып тастап, 2,7 миллиард теңгеге жаңасын жүргізді. Жұрт сонда да газ жаға алмай отыр.

Жолдасбек Жанбосын, қала тұрғыны:

Міне, қазіргі таңда біздің газымыз мынау. Құр жәшігі тұр. Не аузында құлып жоқ, не ішінде заты жоқ. Әшейін сувенир болып тұр. Аты бар да, заты жоқ.

Қалдыбай Тәкібайұлы, қала тұрғыны:

2024-те уәде берді. 2025-те кіргіземіз деді. Міне, әлі жоқ. Халықтың бәрі шулайды. Күнде айтады.. Газ қашан келеді-газ қашан келеді деп. Газ жоқ.

Қазір әр абонентке дербес есепшот ашу, құжат рәсімдеу, газды ашып қосып беру жұмыстары жүріп жатыр, дейді жергілікті билік өкілдері. Айтуларынша, жыл басынан бері «Ынтымақтағы» 4 жарым мың үйдің небәрі бір пайызы ғана газға қосылыпты.

Ильяс Есжанов, қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы:

Негізі 3 желі бар. Ол жерде газ бар. Әрі қарай көшеге тарайды. Рет-ретімен қосылып жатыр. Газды бірден бере алмаймыз. «Қазақгаз» үлгергенінше жасап жатыр.

Ғани Қалмаханов

Автор
Редакция
Бөлісу