Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы
Басты Жаңалықтар Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды

Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды

Қазақстанда New York Film Academy кампусы ашылды. Филиалдың қызметін бастау туралы келісімге қол қоюдың онлайн-рәсімі өтті.

Оған Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Академия президенті Майкл Янг қатысты. Бұл - университеттің шетелдегі үшінші филиалы. Ал Қазақстанда ашылған әлемдік деңгейдегі алғашқы шығармашылық университет. Білім ордасында АҚШ-тан арнайы келетін мамандар кино, продюсерлік, сценарийлік іс, анимациялау және визуалды әсерлер мен ойын әзірлеу сынды бес бағыт бойынша дәріс береді. Оқу биыл 29 қыркүйекте басталады. 200-ге жуық студент қабылдау жоспарланып отыр. Академия түлектері Америка университетінің дипломын алады. Кейін Нью-Йоркте немесе Лос-Анджелесте оқуын жалғастыруына мүмкіндік бар.

Темірлан Нұрсолтанов

Автор
Редакция
Бөлісу